деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Турнирге ҚР Бильярд спорты федерациясының облыстық филиалдары мен Байқоңыр қаласындағы кеңсесі ұсынған спортшылар ғана қатыстырылады.
Басты мақсат - «Еркін пирамида» бильярд ойынының Қазақстанда танымалдығын арттыру және үздіктерді анықтау.
Чемпионаттың бірінші кезеңінде ойыншылар 8 адамнан құралатын топтарға бөлінеді. Топтық ойындарда әр топтан үздік деп танылған 2 ойыншы финалдық кезеңге жолдама алады. Бұл кезеңде жеребе тарту арқылы қарсыластар таңдалады. Ойыншылардың жеңілгені бірден ойыннан ығыстырылып отырады.