деп хабарлайды ҚазАқпарат «КаР-Тел» ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол еуропалық жетекші 50 бренд рейтінгіне енген Орталық және Шығыс Еуропадағы ең алғашқы бренд (7,9 миллиард евро) болып отыр. Еurobrand2009 зерттеуі аясында экономиканың 16 саласынан 24 елдің 3 мыңнан астам бренді бағаланған болатын. «Билайн» әлемдегі қымбат брендтердің жүздігіне (ТОП-100) де кіреді. Сондай-ақ телекоммуникация нарығындағы брендтердің ондығына енген оның құны 8,9 миллиард долларға бағаланған. «Билайн» бренді рейтинг алғаш жүргізілген 2005 жылмен салыстырғанда былтыр 49 пайызға өсіп, 5 миллиард доллардан 7,43 миллиард долларға дейін көтерілген еді. Оның құрамына кіретін компаниялар тобының қызметін Ресей ғана емес Қазақстан, Украина, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Вьетнам мен Камбоджа аумағындағы 340 миллионға жуық халық тұтынады.