«Биле, Қазақстан!» жаңа жобасына кастинг жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хабар» телеарнасының «Биле, Қазақстан!» жаңа жобасына кастинг жарияланды Бұл туралы бүгін «Хабар» арнасының бас продюсері Ринат Кертаев мәлім етті.

Айта кетерлігі, шоудың түпнұсқасы бірінші рет 2005 жылы Америка Құрама Штаттарында «So You Think You Can Dance» деген атаумен көрсетілген болатын, қазіргі уақытқа дейін эфирге 10 астам «Эмми» сыйлығына ие болған жобаның 13 маусымы көрсетіледі.  Байқаудың франшизалары әлемнің 37 астам елінде, соның ішінде Қытайда, Австралияда, Ұлыбританияда, Украинада және т.б. эфирге шыққан. «Біз әлемде танымал жобаның өзіндік нұсқасын жасау үшін ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргіздік. Бізде билей алатын талантты балалар көп, оларға өздерін көрсету үшін арнайы алаң керек. Сонымен қоса бұл жоба салауатты өмір салты идеясын нығайтуға бағытталған. Сондықтан осы жоба көрермендерімізге ұнайды деп сенеміз», - деді «Хабар» арнасының бас продюсері Ринат Кертаев.

Би жобасының шарттары бойынша байқауға 10 жастан 60 жасқа дейінгі тәжірибелі бишілер қатыса алады, олар төрешілердің назарына түрлі жанрдағы билерді ұсынады. Байқау сондай-ақ таяу және алыс шет елдерінің өкілдері үшін де ашық.

 Байқаудың негізгі кастингтері Қазақстанның үш қаласында өтеді: Астанада - 23 және 24 шілде, Алматы - 30 және 31 шілде, сондай-ақ 6 және 7 тамыз көрермендер дауыс беру арқылы таңдаған үшінші қалада. Іріктеу айналымдарынан кейін 60 қатысушы арнайы жабдықталған үйге шақырылатын болады, онда танымал хореографтардың басшылығымен өнер көрсетуге жаттыға бастайды. Кезеңнің қорытындысы бойынша 20 байқауға қатысушы (10 жігіт және 10 қыз) келесі айналымға өте алады. Үшінші кезеңде жиырма байқауға қатысушы жұп-жұпқа бөлініп, әр апта сайын көрермендер мен қазыларға түрлі жанрдағы би нөмірлерін (балет, контемпорари, хип-хоп, брейк-данс, джаз, бал билері және басқалары) көрсететін болады. Қазыларды таң қалдыра алмаған қатысушылар жобадан кетеді. Финалдық шығарылымдарда бишілер жеке-жеке 1-орынға күресетін болады.

Төрешілер комиссиясы - «Astana Opera» театрының солисі Досжан Табылды, актер, биші, «Орда» тобы басшыларының бірі Дастан Оразбеков және аты әзірге құпия ерекше қонақ.

 «Биле, Қазақстан!» шоуы арнаның эфирінен күзгі телевизиялық маусымның басында көрсетілетін болады.