Билеп жүрген 50 мың қытайлық Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың бірнеше қаласында 50 мың адам қатысқан синхронды би Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы UPI агенттігі хабарлады.

Бишілер Шанхайда, Сианда, Чжэнчжоуда, Чунцинде, Шэньчжэнде және тағы тоғыз қалада қатарға тұрды. Ұйымдастырушылардың командасымен олар музыкаға бірдей қимылмен билей бастады.

Барлық қатысушылар қызыл түсті жаттығу костюмдерін, жауын жауып тұрған қалаларда билейтіндер бірдей қорғау жалбағайларын киген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға Қытайдың 50 699 тұрғыны қатысуы тиіс болған, бірақ  614 адам қатыстырылмады. Дегенмен бұл жаппай және бір уақытта бірнеше қалада орындалған үздік бидің Гиннестің рекордтар кітабына енуіне кедергі бола алмады.