Билетсіз адамдар перронға өтпейтін болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Теміржолдағы заңсыз жолаушы тасымалын тоқтату үшін Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қаласында ілкі жоба іске қосылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоба бойыншақолында билеті жоқ жолаушылар перронға жіберілмейтін болады. «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының бірінші орынбасары ҚанатӘлмағамбетовтің айтуына қарағанда, осы арқылы билет алмаған жолаушылардыңжолсеріктермен келісуіне тосқауыл қойылмақ.

«Биыл ілкі жобабойынша елордадағы «Нұрлы жол» вокзалымен Қарағанды вокзалының перрондарына билетсіз адамдардың жақындауына шектеуқойылады. Мұндай бастаманы бұрын да көтергенбіз. Алайда қоғам тарапынанкөптеген наразылықтар болған. Бұлбастаманы құқық қорғау органдары да қолдап отыр. Біз де дұрыс деп санаймыз. Тымболмағанда ірі вокзалдардың перрондарына осындай шектеу қойып бастау қажет», –деді ол.

Ол сондай-ақ,«Тальго» пойызында жолсеріктерден зәбір көрген жолаушыға «Қазақстан темір жолы»тарапынан қай жағдайда моральдық шығын төленетінін айтты.

Еске салсақ,автомобиль жолдары мен көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсыкүрес мәселесіне арналған кеңесте Қанат Әлмағамбетов елімізде әйелдергеарналған жеке вагондар іскеқосылмайтынын айтқанболатын.

Аталмыш кеңестеҚР Бас көлік прокурорының міндетін атқарушы Жасұлан Еламанов теміржолбилеттерін сатуға арналған Mobius жүйесі заңсыз билет айналымына тосқауылбола алмағанын атады.