Бұл туралы ол бүгін Астанада «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы: ғылыми қауымдастық әріптестігі» атты халықаралық ғылыми семинар барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның қалаларын аралып көрсең, базарлар мен дүкендерде жалпы көпшілік жүретін орындарда қазақ тілінде сөйлесетін азаматтарды кездестіруге болады. Алайда, билік басындағылардың барлығы орыс тілінде сөйлегенді жөн көреді. Ал қазақ тілінің мәртебесі өсуі үшін олар да тегіс қазақ тілінде сөйлегендері жөн. Қазақ тілінің мәселесін осындан бастау керек», деді кафедра меңгерушісі.