Оның сөзіне қарағанда, институционалдық реформаның мақсаты - кәсіби мемлекеттік аппарат.
«Көбісі мемлекетке тиесілі және көп мәселені мемлекет шешетін елде білікті мемлекеттік аппарат қажет. Бұл бағыттағы шаралар меритократия қағидаларын ары қарай жүйелі әрі жоспарлы, сондай-ақ табанды түрде насихаттауды керек етеді. Осы тұрғыда Сингапурдың мемлекеттік қызметі меритократияны үнемі ұстану, мінсіздікке үздіксіз ұмтылу мен мемлекеттік қызметкердің мансабын және жоғары жалақысын мұқият жоспарлаудың жарқын үлгісі», - деді профессор Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол нарықтық реформаларды бұдан ары табысты жүзеге асыру үшін сәтті институционалдық орта қажет екенін, тек мықты институттар ғана күрделі өзгерістер кезеңінде жақсы жұмыс істеп, қоғамдық тұрақтылық пен сабақтастықты қамтамасыз ете алатындығын атап өтті.
А. Забированың пайымынша, ірі мемлекеттік қызметкерлердің, яғни маңызды шешімдерді қабылдайтын адамдардың жалақысы ұлттық компаниялардағы еңбекақы стандарттарына жақын болуы тиіс.
«Бүгінде білікті мамандардың мемлекеттік қызметтен уақыт өте келе кетіп жатқандығын байқаудамыз. Бұл тұрғыдағы себептердің бірі - ол төмен жалақыға байланысты, әсіресе, орта және жоғары деңгейдегі қызметкерлер кетіп жатады. Сондықтан бірінші кезекте жалақы мәселесін шешу керек секілді»,-дейді ғалым.
Осы орайда ол орталық және мемлекеттік органдарда аппаратты қысқарту арқылы, білікті қызметкерлердің жалақысын көтеру шешімін қабылдауға болатындығын сөз етті.