Біліктілік талаптарына жауапсыз қарағаны үшін бірқатар ЖОО-дың проректорлары қызметтерінен босатылды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігіндегі келісім қорытындысы бойынша бес проректор қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

2010 жылғы 18 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде республикадағы 29 жоғарғы оқу орнының 65 проректорлардың келісілуі өткізілді.

Білім және ғылым министрлігіндегі келісу қорытындылары бойынша бес проректор қызметтерінен босатылды, атап айтқанда, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақтан агро-техникалық университетінің оқу және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің инновация және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің стратегия және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры, Атырау мұнай және газ институтының сапа және инновация жөніндегі проректоры жұмыстарынан босатылды.