«Елбасы Жолдауына сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Білім алушы жастарды тәрбиелеудің 2013-2015 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын әзірлеу қолға алынбақ. Бағдарламаны іске асыруда басты рөл «Жас Ұлан» ұйымына беріледі»,- делінген ведомство хабарламасында.
Ал алдағы тамыз айында өтетін педагогикалық форумда бағдарламаның бағыттары егжей-тегжей талқыға салынып, оны іске асыруға тек педагогтар ғана емес, ата-аналар қоғамдастығы, бизнес, үкіметтік емес сектор жұмылдырылмақ.
Қазіргі таңда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында бірқатар жастар жобалары мақұлданды және 19 ресурстық орталық құрылды. Оған қоса, «Жастардың кадрлық резервтері», «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобалары іске асырылды.