Қалалық Білім басқармасынан хабарлағандай, ол биыл 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында «Балаларға мейірімділік сыйла» ұранымен өтеді, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында. Ауқымды акция еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылады. Оның мақсаты - аз қамтылған отбасылардан шыққан және ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу. Ұйымдастырушылар әр баланы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін қала тұрғындары мен қазақстандықтарды шараға жұмыла атсалысуға шақырады. Оған қатысуға ниет білдірушілер Білім басқармасының мына телефон нөмірлеріне хабарласа алады: 55-68-74, 55-68-75.
05:03, 31 Шілде 2014
Білім басқармалары қазақстандықтарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жыл сайынғы дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталады.