«Талдықорған қаласында 5 мектеп пен 3 балабақшаның мамандары қыркүйек айының айлығын алмады. Дүйсенбі күні ақшасын шоттарына салып жібереді. Келесі аптада жалақысын алады. Мұндай жағдай Жетісу облысы бойынша тек Талдықорған қаласында ғана болып тұр. Себебі, тиісті мамандар дер кезінде құжаттарын жіберіп үлгермеген. Сол себепті, айлықтары шамамен 17 күнге кешіктіріліп отыр. Мұндай келеңсіз жайт тудырған жауаптыларға шара қолданылады»,- деді Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова.
15:46, 14 Қазан 2022
Білім басқармасы талдықорғандық ұстаздардың жалақысы неге кешіккенін түсіндірді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда қыркүйек айының айлығын алмаған мектептегі ұстаздардың жалақысы келесі аптада түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.