деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпарат орталығы.
Жақында 2011-2012 оқу жылға білім беру гранттарын тағайындау бойынша Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. 2011/2012 оқу жылдарына арналған жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыстың саны 36 046 грантты құрайды, олардың 35 046 - күндізгі оқу бөлімі түрінде болса, 1000 грант - сырттай оқу бөлімі түрінде. Білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа 91 018 талапкер қатысты. Мемлекет ынталы оқушыларға мемлекеттік грант негізінде оқуға мүмкіндік бере отырып, келісімшарт негізінде оқуға түсуге талпынысы бар азаматтардың қол жетімді білім алуына қамқорлық жасап отыр.
Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен 32 946 білім беру гранты тағайындалды (дайындық бөлімдеріне - 2275 грант, Назарбаев Университетіне - 500 грант, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің қазақстандық филиалына - 125 грант, Х. Ясауи атындағы ХҚТУ-ға - 200 грант бөлінген).
Мемлекеттік грантқа ие бола алмаған талапкерлер ақылы тұрде оқу үшін мемлекеттің кепілдігімен Білім және ғылым министрлігі ведомоствосына қарасты «Қаржы орталығы» АҚ арқылы кредит алуға мүмкіндіктері бар. «Қаржы орталығы» директоры Оразалиева Забира Жандарқызының мәлімдеуінше, құжат қабылдау барысындағы басты шарт - талапкердің ҰБТ нәтижесі бойынша көрсеткіші 65 ұпайдан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, студент оқу барысында да үлгерімін төмендетпеуі шарт, өйткені несие әр оқу семестрі сайын беріледі.
Ағымдағы жылы жоғары оқу орнына қабылдаудың типтік ережесіне қосымшалар енгізілді, осыған сәйкес азаматпен екінші деңгейлі банкпен берілетін білім беру несиесін әзірлеу кезінде азамат сәйкес банктен құжаттарының қарастырылуы барасында екендігі туралы анықтама қағазын ұсынғаннан бастап жоғары оқу орнына қабылданады.
Осылайша, білім беру қызметін көрсетуге арналған келісімшартта бекітілген және банктен анықтаманы алған сәттен бастап 4 аптадан кем емес уақыт аралығындағы азаматты оқуға қабылдауға дейінгі жататын соманы қайтаруға уақыт көлемі ұсынылады.
Бүгінгі таңда «Қаржы орталығы» «БТА Банк», «Қазақстан Халық Банкі», «Альянс Банк» (жеңілдік бағдарламасы бойынша) Акционерлік қоғамдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беріп отыр. Осы жылдың сәуір айында ДБ «Россия Сбербанкі» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істеу туралы басты келісім-шарт жасалды, бірлескен бағдарлама бойынша жұмыс жаңа оқу жылында басталмақ. Аталмыш бағдарлама талапкерге білім алып, білім беру кредиті бойынша қарызын жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін төлеу мүмкіндігін береді. Брифингтің түйінді сөзін Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Е.Б. Сыдықов айтты:
- Мемлекеттің әрбір саналы ұрпағы сапалы білім нәрімен сусындауы тиіс. Осы мақсатта әр талапкердің мүмкіндігіше жоғарғы білім алуына мемлекет жағдай жасап отыр. Соның бірі - білім алуға негізделген несие. Осы бағдарлама бойынша студенттің оқу үлгерімі жақсы деңгейде болса, Қаржы орталығы екінші деңгейлі банктермен келісімшарт жасай отырып, несие сомасының 90 пайызын төлеуге келісіп отыр. Бұл - мемлекет тарапынан білімнің қолжетімділігіне жасалып отырған үлкен шара, - деді ол.
Сонымен қатар білім беру несиесін алу процедураларын жеңілдету үшін несие алуға арналған өтінімдерін интерактивті «Мен-студент» (www.ya-student.kz ) білім беру web-порталындағы on-line тәртібінде берулеріне мүмкіндіктері бар, бұл ағымдағы жылдың мамыр айында «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамымен іске қосылған. Web-портал тұрғын халықтың еліміздегі және шетелдердегі білім беру туралы ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге, білім беру процесіне қатысушылардың өзара байланысын арттыруға, порталға кірушілердің қызуғышылық сұрақтарына тез арада кеңес беруіне, білім беру саласының ұтқырлығын дамытуға және басқа да ақпараттарға қол жеткізулеріне мүмкіндік береді.