Бүгін Астанада туберкулездің алдын-алу мен емдеу мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында Астана қаласы Білім басқармасының бөлім бастығы Мәдина Сүлейменова осылай айтты.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Астана қаласында 225 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Соның ішінде 80 мектеп, 87 балабақша мен 37 кәсіптік білім беру ұйымдары бар. "Білім беру мекемелеріндегі туберкулездің алдын алу шаралары өз деңгейінде жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Білім беру мекемелерінде сабақтан тыс туберкулез қаупін алдын алу шаралары кешенді түрде қолға алынған", - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, барлық білім беру мекемелерінде туберкулезбен күрес, оны болдырмау жолдары жайында мағлұмат беретін дәрігерлік нұсқаулықтар мен ақпараттық анықтамалықтардың арнайы бұрышы бар. Жас ұрпақты салауатты өмірге баулу және кеселді дерттің таралу жолдары жайында ақпараттандыру мақсатында «өз денсаулығың - өз қолыңда», «ауырған жағдайда не істеу қажет?» тақырыптарында шығарма, диктант жазу, сондай-ақ мектептерге бекітілген дәрігерлердің қатысуымен тәрбие сағаттары, ашық сабақтар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. М. Сүлейменова туберкулез дертінен сақтану мен алдын алу жолдарын қоғамды жан-жақты ақпараттандыру ісі арқылы жүргізу аясында «Адам саулығы - қоғам саулығы» тақырыбында қалалық семинар болғандығын ерекше атап өтті.
«Туберкулезге шалдыққан балалармен жұмыс жасайтын білім беру мекемелері нәтижелі жұмыс жасауда. № 32 мектеп гиназиясына қарасты туберкулезге қарсы диспансерде қазіргі таңда 38 бала оқып, сауығып жатыр. Оның ішінде 23 бала қазақ сыныбында, 15 бала орыс сыныбында оқиды. Мұнда 12 мұғалім сабақ береді, үйірмелер жұмыс істейді. Балалар білім алумен қатар емделіп, рупубликалық Бурабайдағы сауықтыру орталығына жіберіледі. Балалар толық емделіп болған соң жалпы білім беру мектептеріне қабылданады. Биылғы жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша № 45 Самал сауықтыру балабақшасы ашылған болатын», - деді М. Сүлейменова өз сөзінде.