Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілді

None
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру  қағидалары бекітілді. 

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана, Үкімет үйі 2012 жылдың 27 сәуірінен, №536

Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру  қағидаларын бекіту туралы

«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

2. «Білім беру мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 213 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 19-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі    К. МӘСІМОВ.

Ереженің мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланды.