«Міне, осы мәселе бүгінгі біздің жиынымызда қаралатын болады. Біздің басты идеямыз - білім беру ісін руханиятқа негіздеу, осы салада рухани мәдениетті барынша дамыту. Ондай идея Қазақстанда қолға алынған «Өзін-өзі тану» бағдарламасына кеңінен көрініс тапқан. Оның негізінде біздің идеямызды іске асырып, мектеп қабырғасынан бастап балалардың бойына рухани мәдениетті сіңіруге мүмкіндік бере алады. Бұл бағдарлама біздің бастамамыздың нақты тәжірибелік үлгісі болса керек. Сондықтан мен осы бағдарламаны кеңінен қолдану қажет деп есептеймін», - дейді Ш.Амонашвили.
10:56, 19 Қазан 2010
Білім беру саласында руханият мәселесі ескерілуі қажет - академик Ш. Амонашвили
АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Білім беру ісі руханияттан бастау алуы қажет. Бүгін Еуразия ұлттық университетінде Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы аясында журналистерге сұхбат берген психология ғылымдарының докторы, Ресей білім академиясының құрметті мүшесі, академик Шалва Амонашвили осылай деді.