Білім беруге салынатын инвестиция Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырады

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Джонс Хопкинс университеті талантты жастарға арналған Орталық кеңесінің мүшесі Мин Джек По pm.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстандағы орта білімді дамытудың болашағы туралы өзінің сараптамалық пікірін ортаға салды.

«Білім беруге салынатын инвестиция адам капиталы тұрғысынан Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілігін арттырады, ал 10 жылдан кейін оның нәтижесі экономикаға да оң ықпалын тигізеді», - деді Мин Джек По.

Қазіргі таңда елімізде нақты ғылымдар, математика салалары бойынша жақсы білім беруге ерекше назар бөлініп отыр. 2008 жылы Қазақстан алғаш рет  халықаралық білім беру жүйесін бағалайтын PISA (Programme for International Student Assessment) жобасына қатысты, бұл республикамыздың ғылыми-білім беру саласында жоғары ұстанымдарға ие екенін көрсетті.

«Математика және жаратылыстану ғылымдарының дамуы үлкен маңызға ие. Егер осы салалардағы білім жақсарса, оқушылар мен ұстаздардың нәтижеге қол жеткізгенін көруге болады», - деді Джонс Хопкинс университетінің өкілі.