«Негізінен талапкерге қатысты деректер сұралады. Атап айтқанда, мектеп бітірушінің аты-жөні, туған жылы, сертификаты және жеке басына қатысты тағы қосымша мәліметтері жүктеледі. Қажетті барлық жолақтар толтырылып, құжаттар жеткілікті болса, тапсыру батырмасын басады. Кейін талапкерге құжатының қабылданғаны туралы анықтама шығады» - деп мәлім етті Нұрбек Сапарқожаев тілші сауалына жауап бере отырып.
Айта кетейік, ертеңнен бастап Еgov.kz порталы арқылы грантқа құжат қабылдау басталады. Нұрбек Сапарқожаевтың айтуынша, грант өтініш беру 13-20 шілде аралығында жүреді.
Еске салайық, бұған дейін грантқа түсуге қанша балл жеткілікті саналатыны туралы жазып едік.
Қоса кетсек, биыл бакалавриатқа 73 мыңнан аса грант бөлініп отыр.