- «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы иегеріне 3,5 млн. теңге грант берілді. Осы қаржыға шетелден ғылыми тағылымдамадан өту, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу, монографиялар мен оқу құралдарын шығаруға болады. Түркиядан шақырту күтудемін. «Қазақ-түрік халықтарының әдеби байланысы» тақырыбында зерттеу жұмысым бар. Одан әрі мақсатым - Уфа, Қазан қалаларына бару, жалпы, түркі тілді елдердің әдеби қазыналарына үңілу, - дейді Зейнолла Жақсылықұлы.
18:27, 22 Қаңтар 2013
Білім грантының қаржысына түркі халықтарының әдеби байланысын зерттемекшімін - З.Мүтиев, үздік оқытушы, БҚО
ОРАЛ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Зейнолла Мүтиев «2012 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері ретінде Астана қаласындағы марапаттау рәсіміне қатысып қайтқан болатын.