Оған университеттің оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттары мен докторанттары, Алматы қаласындағы түрлі жоғары оқу орындарының, білім-ғылым саласындағы мекемелердің басшылары мен өкілдері жиналды.
«Білім, ғылым саласын дамытуда Елбасы биылғы Жолдауда көп міндеттер қойып, үлкен сенім артып отыр. Біздің мақсат - осы жылы білім беру сапасын арттырып, Жолдауда айтылған істерді іске асыру», - деді Бақытжан Жұмағұлов. Ал ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың айтуынша, бұл Жолдау әрбір азаматты елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жаңа сапалық деңгейге көтерудегі жауапты іске жұмыла кірісуге шақырады.