Қыркүйектің 1-інен бастап, елордалық жол полициясының жеке құрамы күшейтілген қызмет көрсету режимінде жұмыс атқарады, ал патрульдеу бекеттері аса қауіпті деген жерлерге жақындатылады.
Сонымен қатар, автоинспекторлар оқушылар мен студенттерді жолда жүру ережелерінің негізгі қағидаларымен таныстырады. Сондай-ақ, жол полицейлері осы күндері жол қозғалысы қауіпсіздігіне бағытталған үнпарақтарды көлік жүргізушілеріне тарататын болады.
Акция үстіміздегі жылғы қыркүйектің 9-ына дейін жалғасады.