деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Палата Төрағасының орынбасары 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламаның жобасы әзірленіп, оның талқыланып жатқанын, елеп-екшеп, керекті қосымша енгізілсе, одан бағдарлама жетіле түсетінін айтты.
Ж.Кәрібжановтың айтуынша, бірінші мәселе - мұғалімдердің мәртебесін, дәрежесін көтеру, оның еңбекақысын көтеру. Екінші мәселе - мемлекеттік басқару жүйесін ары қарай дамыту. "Нұр Отан" халықтық -демократиялық партиясының білімді дамыту туралы өз бағдарламасында да үлкен бөлімдер бар. Сол да келешек мемлекеттік бағдарламаның ішінде қамтылуы керек.
«Былтыр біз кәсіптік-техникалық білім беру мәселелері бойынша арнайы парламенттік тыңдау өткізіп едік. Расында да әлі де осы мәселелерді шешу және бұған арналған арнайы мемлекеттік бағдарлама бар. Ол әлі де байсал, әлі де қанағатсыз деуге болады. Сондықтан осыған министрлік назар аударғаны жөн.
Өте дұрыс мәселені бірнеше депутат көтеріп отыр. Қазіргі уақытта Президентіміздің Жолдауына байланысты индурстриялдық-инновациялық бағдарлама жасалуда. Осы бағдарламаны орындауға қажетті мамандарды дайындауды тездету керек.
Бізде білім туралы заңның жобасы бар, осы жуырда ғылым туралы заңның жобасы келді. Жалпы, депутаттар білім туралы заң жбасын кеңінен талдау үстінде. Ал енді біз білім және ғылым саласында жаңа өлшемге, жаңа концептуалды дәрежеге көшкіміз келіп отыр. Оған ешқандай қарсылық жоқ. Бірақ ең басты мәселе осыған қалай көшеміз? Өтпелі уақытта қандай мәселелерді жасауымыз керек? Өйткені онсыз қазір кейбір мәселелер түсініксіз болып отыр. Осы мәселе бойынша, жалпы, ғылым туралы заңның жобасын жан-жақты талқылаймыз деп ойлаймын.
Осы жуырда ғана біз қазақ тілін дамыту туралы үлкен ғылыми-практикалық конференция өткіздік. Нақты ұсыныстар жуық арада Үкіметке жіберіледі. Ал енді осында ең басты мәселелер - қазақ тілін үйрету. Балабақшадан бастап, мектеп, жоғары оқу орны, тіпті жұмыс істейтін қызметкерлерге қазақ тілін оқыту. Және де жай оқыту емес, нәтижелі оқыту. Қаражат жұмсалғаннан кейін оның нәтижесі болуы керек.
Жастарды, жасөспірімдерді, балаларды тәрбиелеу мәселелеріне де министрлік баса назар аударғаны абзал.
Соңғы уақыттарда білім саласындағы жемқорлықпен күрес мәселесі де өзекті тақырып. Жалпы, еліміздегі істеліп жатқан жемқорлыққа қарсы күрестің үлкен бөлігінің біреуі. Жалпы, бірлесе қимылдасақ, еңсеруге болмайтын шаруа жоқ. Әрине, білім мен ғылым дамымай, біздің экономикамыз алға жүрмейді. Білім саласын дамыту үшін қандай заңдар қажет болса, олардың барлығына Парламент депутаттары атсалысып келеді, игі іске әрдайым қолдау жасалады. Сондықтан айтылған мәселелердің бәрін Білім және ғылым министрлігі өзінің назарына алады деп ойлаймын»,- деді Ж. Кәрібжанов.