Дария Қожамжарова басқосу барысында масс-медианың қоғамдағы орны турасында әңгімелеп, журналистердің қазақстандық патриотизмді нығайтуға және қоғамдық келісім мен этносаралық татулық құндылықтарын бекемдей түсуге қосып отырған еңбектерін атап өтті. Мемлекет пен қоғамның өзекті проблемаларына жедел үн қатуға серпінді үлес қосып келе жатқандығын жеткізді.
«Тілшілер қауымы іргелі оқу орнымызда болып жатқан маңызды оқиғалар, мен білім-ғылым саласындағы тың жаңалықтарды, ғалымдардың ғылыми-инновациялық жобалары, рухани-танымдық тұрғыдағы маңызды ақпараттарды дер кезінде жұртшылыққа жеткізіп келеді. Мұның өзі баспасөз саласының қоғамда маңызды рөл атқарады. Себебі, жалпыға ортақ ақпараттандыру ғасырында нақты ақпарат негізгі басымдық әрі құндылық болып саналады. Көптеген биік белестерді бағындырып жатқан ордалы оқу орны мен халықтың арасындағы алтын көпір болып жүрген сіздердің еңбектеріңіз елеулі үлкен екенін атап өткен абзал», - деді Дария Қожамжарова.
Жиын соңында ОҚМУ ректоры аймақтағы бірқатар республикалық ақпарат құралдарының меншікті тілшілері мен өңір журналистерін Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат көрсетті. Олардың қатарында «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Нұрбек Байбосын мен «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің меншікті тілшісі Айнұр Ақбаева, «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі Нұршат Төкен мен «КТК» телеарнасының меншікті тілшісі Бек Әбиев, «Астана» телеарнасының меншікті тілшілері Айзада Төребек пен Бахром Талибжанов, «Qazaqstan» Ұлттық арнасының меншікті тілшісі Ғани Қалмақанов пен «Оңтүстік» телеарнасының директоры Уәли Қыдыр, «Отырар» телеарнасының директоры Әйгерім Жұмағұлова, «НарТВ» телеарнасының бас редакторы Ардақ Жақсылықова және «Хабар» телеарнасының видеооператоры Нұрмахан Мұсатовтар бар.