Сапар аясында министр машина жасау және «Азия Авто» зауыты үшін кадрларды дайындау және қайта даярлау өңіраралық орталығында, бірқатар оқу орындарында болады. Олардың қатарында №3 көпбейінді гимназия орта мектебі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ бар.
Сонымен қатар Б.Жұмағұловтың Өскемен техникалық колледжінің оқу-өндірістік базасымен және оқу орнының «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысуы жоспарланған.