Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов білім берудегі көптілділікті дамыту мәселелеріне арналған жиында айтты.
«Бізге әртүрлі ақпараттар жетуде. Кейбір басшылар ғылымды базалық қаржыландырудан тыс 15 пайызға дейін қосымша шығыстар алудың да амалдарын табады екен. Бұл бюджет заңнамасын тікелей бұзу болып табылады», -деді ол.
Осы орайда министр таяуда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің құрамына кіретін саяси партиялар фракциясының басшыларын қабылдап, бюджет заңнамасының орындалмағаны үшін әрбір басшыдан жеке-жеке есеп талап ету қажеттігін баса айқандығын жеткізді.
«Демек, менде жеке-жеке талап ету құқым болса, онда бюджет заңнамасын бұзған әрбір басшыдан жеке есеп талап ететін боламын», - деді Б.Жұмағұлов.