"Бүгінгі отырысты пайдаланып, xалыққа бір ақпарат жеткізгім келіп отыр. Су тасқынына байланысты бірқатар аудандарда, мәселен, Шығыс Қазақстанның бірнеше мектептерінде сабақ өткізбейтін болдық. Нақты ақпарат бүгін облыстарға жіберіледі", - деп атап көрсетті Е.Сағадиев.
Айта кетейік, бүгінгі отырыста министр білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша есеп берді. Оның айтуынша, өткен жылы аталған бағдарламаға 445 мдрд теңге бөлінген. Бұл ақшаның 99,8 проценті игерілді.
Фото: gtrk-saratov.ru