Білім министрі жұмыс сапарымен БҚО-ға келмек

None
ОРАЛ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов 23 қаңтарда екі күндік жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келмек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, министр сол күні өңірдегі білім беру саласы қызметкерлерімен кездеседі. Бірқатар білім нысандарында болып, Н.Назарбаев зияткерлік мектебі құрылысымен танысады.

Сапарының екінші күні Б.Жұмағұлов «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына қатысады.