«Баспалар мен жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес оқулықтарды жөнелту және жеткізу 20 тамызда аяқталады. Соған орай 25 тамызға дейін барлық мектептерге оқу-әдістемелік кешендер мен оқулықтар толық көлемде жеткізіледі. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету процесі кестеге сәйкес жүргізілуде»,- деді ол ҚазАқпарат тілшісіне.
Министрлік мәліметтеріне сәйкес, 17 тамызда Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарына, Астана мен Алматы қалаларына оқулықтар 100 пайыз жеткізілді. Жалпы, республика бойынша мектептердің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуі 90 пайызды құрайды.