«Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізілетіні және анықталған жағдайда ата-аналарға айыппұл салынатыны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту заңда қарастырылғандығын хабарлаймыз. Қосымша сұрақтар бойынша министрліктің Сall-орталығына 7(7172)74-24-11 телефон нөмірі арқылы немесе өңірлік білім басқармаларына хабарласуға болады», - делінген министрліктің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.
12:47, 17 Наурыз 2020
Білім министрлігі жұртты дүрліктірген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желілерде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізіледі деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.