деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, форум еліміздегі көптеген мәселелерді шешуге ықпал ете алатын ұйым. Сондықтан да Білім және ғылым министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеп келеді. Тек орта білім беру саласының өзінде үкіметтік емес сектор ауқымды жұмыстар атқарып келеді. «Қазіргі таңда елдегі барлық мектептерде ата-аналар комитеті жұмыс істейді. Біздің ендігі мақсатымыз осы оқу орындарындағы қамқорлық кеңестерінің жұмыстарын белсендіру болып отыр. Елде осы кезде 8 мыңға жуық мектеп бар. Қамқорлық кеңестері олардың әрқайсысының ашық, таза, ар-ұждан негізінде жұмыс істеуін бақылауға алып, жағдайды қадағалап отырулары керек. Ал кеңес құрамына сол мектептің түлектері, әкімдік пен жергілікті ата-аналар комитетінің мүшелерін енгізуге болар еді. Егер біз осы істі сәтімен жүргізетін болсақ одан ұтарымыз көп», деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, қамқорлық кеңестерінің жұмысы осы кезде жоғары оқу орындарында да нығайтылуда.