әлеуметтік даму мен қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру бағытында сенімді қадам жасадық»,- деді бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ұлықтау рәсімінде Қазақстан халқына Ант беріп, жаңа президенттік мерзімге ресми кіріскеннен кейін сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Біз білім саласын қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттігін арттырудың негізі факторы ретінде дамытудамыз. Біздің елімізде зияткерлік метептер сияқты білім беру желілері қалыптасып келеді. Бүгінде біз әлемнің танымал ғалымдары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері жұмыс істейтін халықаралық деңгейдегі университет - теңдесі жоқ ғылыми орталық аша білдік»,-деді Н.Назарбаев.