Білім саласы қызметкерлерінің І съезі аясында бірқатар келісімдерге қол қойылады

СТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ТМД елдері мұғалімдерінің, білім саласы қызметкерлерінің І съезі аясында бірқатар келісімдерге қол қойылады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Съезд бағдарламасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Армения Білім министрлігі арасында ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қою қаралып отыр»,-деді министр.

Ж. Түймебаевтың сөзіне қарағанда, Қазақ республикалық Біліктілікті арттыру институты мен Ресей Федерациясы Біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау академиясы арасында ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Аталған съезд аясында «Кітап - халықтардың әлеуметтік-мәдени жақындасуының төте жолы» тақырыбанда балалар әдебиеттері мен оқулықтарының, жалпы білім саласындағы жетістіктердің бағытына негізделген көрме ұйымдастырылды. Оған еліміздің, сондай-ақ Беларус, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения мемлекеттерінің бірқатар жетекші баспалары қатысуда.