Білім саласын автоматтандыру қалай жүргізілуі тиіс - маман пікірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға кемінде 10 мың бағдарламашы, ІТ-маманы қажет. Бұл туралы Инновациялық интеллектуалды технологиялар академиясының бас директоры Нұралы Құдайбергенұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындабілім саласында көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Сол атқарылып жатқанжұмыстардың басы-қасында жүрген біздіңкомпания да бұл іске өз үлесін қосып отыр. Бүгінгі күні цифрлық білім дәрежесінкөтеру мақсатында ең бірінші жасалатын жұмыс - бұл білім саласынақпараттандыру. Білім саласын ақпараттандыру бағытында жасалып жатқан жұмыстардың алғы шебінде барлық мектептеинтерактивті тақталар, интерактивті панельдер қойылып, дербес компьютерлердің,планшеттердің, ноутбуктердің саны күннен-күнге артып келеді. Бұған қоса, физика, химия, биологиякабинеттерін зертханалық құрылғыларменқамтамасыз ету мәселесі де бір жүйеге түсірілді», - деді Нұралы Құдабергенұлы «ҚазАқпарат» тілшісінеберген сұхбатында.

Ғалымның айтуынша, бүгінде Қазақстанда білім саласын ақпараттандырубағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардыкүннен-күнге еселеп арттыру немесе оныңүдеуін күшейту қажеттілігі туындап отыр. Себебі қазіргі кезде бағдарламашылардың,ІТ-мамандардың қажеттілігі қатты артатүсуде.

«Мәселен, Қазақстанның өзін ғана алатын болсақ, елімізге кемінде 10мыңнан астам маман қажет. Ал ондаймамандарды дайындаудың, ертерек дағдыландырудың ордасының бірден-бірі мектеп саналады. Сондықтан мектептердекомпьютерлер, тақталар санын арттыру, интернет, мобильді планшеттер қою, физика,химия, биология және тағы да басқа ғылыми бағыттағы пән кабинеттерініңбарлығына зертханалық құрылғылар орнату, роботтандыру мақсатында жасалатынжұмыстарды күшейту, 3D принтерлермен жабдықтау және мұнан да өзге жұмыстардыатқару қажет», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, келесі жасалатын үлкен жұмыстың бірі - ол білімсаласын автоматтандыру. Бұл бағытта мектептерге жаппай камера орнатып, олардыңбарлығын бір нүктеге шоғырландыру арқылы басқару қажет. Мұнан бөлек, мектепдиректорының, оның орынбасарларының, бухгалтерия жұмыстарын, оқу-әдістемеліккабинеттердің жұмыстарын автоматтандыру қажеттігі де бар. Сонымен қатар оқу процесстерін, әрбір пәнді қазіргі жаңатехнологиялық үлгілермен оқыту, зертханалық-цифрлық зертханалық құрылғылардықою да көп күттірмейтін мәселеге айналыпотыр. Осы орайда «Инновациялық интеллектуалды технологиялар академиясы» әрбірпәнді балаларға автоматты түрде компьютерден оқыту, сол арқылы өздерінің тиістіобъективті бағаларын алу, бүкіл мәліметтердің жиынтығын интернеттен көру,күнделікті, журналды автоматты түрдетолтыру қамтылған кешенді оқыту бағдарламасын әзірледі.

«Кешенді оқыту бағдарламасының бірі ретінде біз «Цифрлық мектеп(кешенді жүйе)» деген бағдарлама жасадық. Оған Қазақстанда авторлық құқық алдық. Айта кетерлігі, бұлжұмыстың басы-қасында бізбен бірге Ресей ғалымдары да атсалысып, жұмыс істеді.Жалпы, мектептегі жұмыстарды автоматтандырудың осындай кешенді бағдарламасынжасау үшін өте үлкен жаңалықтарды енгізуге мәжбүр болдық. Ол жаңалықтардың бірі- цифрлық мектеп кешенді жүйесін жасау барысында жаңа компьютерлік бағдарламаныіске қосу. Ол «Стратум» деп аталады. Аталған бағдарламаны Ресейдің қазіргікездегі өте ірі ғалымы Олег Мухин деген профессор жасап шығарған. Бұл текқарапайым ғана бағдарлама емес. Оның ерекшелігі – бағдарламаны жазатынбағдарлама. Жүйені меңгерген ұстаздар өзсабағының жаңа үлгісін бағдарламашыны қажет етпестен өздері жасайтынмүмкіндікке ие болады. Сондықтан бағдарламашы (программист) жобалаушы(проектировщик) дәрежесіне көтеріледі», - деді академия басшысы.

Нұралы Құдайбергенұлы «Цифрлық мектеп (кешенді жүйе)» бағдарламасынажерсерік конструкторларының бірі орыс ғалымы Побиск Георгиевич Кузнецовтің күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйелердібасқаруға арналған «СПУТНИК» және «СКАЛАР» деп аталатын басқару жүйесінкіріктірілгендігін айтады.

«Цифрлық мектеп (кешенді жүйесін)» аталған жаңалықты негізге ала отырыпжасадық. Оның аясында білім картасы, үйрену картасы, дағды картасы деген арнайыкарталар әзірленді. Аталған карталар арқылы баланың қай тақырыпты қалаймеңгергені, қай тақырыптан кейін қай тақырыпты оқу керектігі және бүгінгі алғанбілімінен, дәрежесінен ертең қай дәрежеге бару керектігінің траекториясы анықталып, сол траекторияға жетуге сеп болатынбасқару жүйесі іске қосылып, пайдалануға берілді. Тағы бір айта кетерлік үлкенжаңалық - ол баланың ойлау жүйесін қалыптастыру. Баланың ойлау жүйесінқалыптастыруды 70-ші жылдары көрнекті ғалым Баянғали Әменұлы Қойшыбаев дегенғалым жасаған болатын. Оның ашқанжаңалығы, еңбегі бойынша осы «Цифрлық мектеп (кешенді жүйеге)» сол ойлау жүйеніқосып отырмыз», - деді ол.

Оның дерегінше, аталған жүйеде баланың атауларды, аталымдарды,түсініктерді және категорияларды өз дәрежесінде зерттеп, олардың барлығынжүйелі түрде меңгеруге жағдай жасалған. Сонымен қатар балаға пәндердің ішіндегідеректерді тек қана жаттап қана қоймай, сол құбылыстардың заңдылықтарын,заңдылықтардың бір-бірімен байланысын білуге, олардың арақатынасын жіктеп, терең түсінетіндей ойлау жүйесінқалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта «Цифрлық мектеп (кешендіжүйе)» жобасы аясында физика, химия,алгебра, геометрия, орыс тілі сияқты пәндерді оқытудың арнайы бағдарламасыжасалған және балаларға қосымша құрал ретінде пайдалануға беріліп отыр.Мұғалімдерді оқыту жұмыстары да қолға алынған.

«Әрине, қазіргі кездегі мектептің білім жүйесін, оның сапасын тексерудіавтоматтандыру да көп күттірмейтін өзекті мәселе және оны өз деңгейінде жасау уақыт талабы. Ал «Цифрлық мектеп(кешенді жүйе)» аясындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар робот жасау, жасандыинтеллекті жасау бағдарламасының негізіболып саналады. Сондықтан оның ішіне жасанды интеллект элементі қосылған. Соларқылы баланы бақылау, бағыттау, оның жетістіктерін, қиындықтарын ескеретінқұрылғылар көзделген. Алынған мәлімет толық жинақталып, мұғалімге, ата-анағажәне білім беру саласын басқаратын органдарға жеткізіліп отырады.Нәтижесінде баланы жетілдіруге, оныменжұмыс істеуге, оның психологиялық, педагогикалық дәрежелерін тексеругемүмкіндік аламыз. Демек, «Цифрлық мектеп (кешенді жүйесі)» ұстазға үлкен көмекберетін құрал болып саналады», - деді Нұралы Құдайбергенұлы.