Мониторинг нәтижесінде 2009 жылдың үздік деп танылған жұмыстарына «Сынақ-2009» атағы беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Байқаудың мақсаты - жұртшылықтың назарын Қазақстандағы білім беру мәселелеріне аудару, қоғамды елімізде, шетелде сапалы білім алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету болып саналады. Ал негізгі міндеті - еліміздегі білім беру проблемаларын терең әрі шынайы баяндау үшін БАҚ-тың қызығушылығын арттыру, сондай-ақ білім беру тақырыбына жазатын журналистердің біліктілігін жоғарылату. Байқау жеңімпаздарын тәуелсіз әділқазылар анықтайтын болады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады.