«Білім» телеарнасына бір жыл! ВИДЕО

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақтандық тұңғыш ағарту арнасы алғашқы туған күнін тойлауда. Өткен жыл арна үшін көп сынаққа толы болды: кәсіби мамандар ұжымын жинап, отандық телевидениедегі өзіндік контентін құрды, деп хабарлады «Хабар» агенттігінің баспасөз қызметінен.



«Білім» телеарнасы «Хабар» телеотбасысының құрамына кіреді. Арнаның негізгі ұстанымы - қиынды жеңілдетіп, оңтайлы тәсілдер арқылы ұсыну. «Білім» «education» (білім) және «entertainment» (ойын-сауық) деген екі сөзден тұратын «edutainment» форматын таңдап алған, яғни танымдық бағдарламалардың көп бөлігі ойын-сауықтық, жеңіл нұсқада беріледі.

Арнаның шымылдығы ашылған мезеттен 700 сағаттан аса танымдық, ғылыми бағдарламалардың алғашқы көрсетілімі болды, 2000-нан астам сағат BBC, Discovery, National Geographic, History ұсынған деректі фильмдер мен телехикаялары эфирге шықты. Бағдарламалар түсіріліміне 2000-нан аса оқушылар, 1300 студенттер, 300-ге жуық мұғалімдер мен 120-дай ғылым саласының майталмандары қатысты. Арна қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде хабар таратады, оның 55 % жуығы мемлекеттік тілде.

«Біз білім хабаршыларымыз, - дейді өз сөзінде «Білім» арнасының директоры Ғазиза Жаппарова. - Жан-жағымызға назар салып қарасақ, білуге ұмтылған, ғылымға талпынған, жаңа жаңашылдықтарды бойына сіңіруге асық жандарды көптеп кезіктіреміз. Олар жас жағынан да әртүрлі, жастарды да, егде жастағы кісілерді де кезіктіреміз. Қазіргі кезде танымдық бағыттағы ойын-сауықтық бағдарламалардың беделі артуда. Өткен жыл біздің ұжым үшін өте ауыр болды. Біз жаға форматтарды іздедік, продакшн-студиялармен бірлесе отырып бағдарламалар сапасын жоғарылату мақсатында көптеген зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Атқаратын жұмыс әлі өте көп. Оны іске асыру - алдыға қойған басты мақсатымыз».

Телеарна бүгінде жаңа маусымға қызу дайындық үстінде. Өзінің бір жылдық туған күніне орай «Білім» бірнеше қызықты жобаларды әзірлеу үстінде, солардың бірі - «Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері», «Морган Фрименмен уақыт пен кеңістің тылсымына бойлау».

«Білім» арнасы қоғам үшін қажетті ресурс екендігін дәлелдеді, - дейді Білім вице-министрі Мұрат Әбенов өз сөзінде. - Арнаның өнімдері әртүрлі жанрларды қамтиды. Оны отбасылық арна десек те болады, себебі көптеген бағдарламаларды балалар ата-анасымен бірге көре алады. Арнаның ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, көрерменін адамгершілік тұрғыда тәрбиелейтіні бір төбе. Бір атап өтерлігі, сана-сезім арқылы, ойын-сауық негізіндегі ақпарат тарату мен білім беру - өте тиімді әдіс. Осылайша мектепте алған білім көрнекі материалдар арқылы нығая түспек. Бәзбіреулер кейбір күрделі тәжірибелерді жасай алмауы мүмкін, алыс шетелдерге саяхаттай алмайтыны рас, мұның бәрін «Білім» арнасы көрсетеді. Телеарнаның дамуына, қызықты жобалардың көп болуына тілектеспін!»

«Білім» арнасының табыстары бізді де қуантады, бұдан бір жыл бұрын «Назарбаев Университетінің» қабырғасында Елбасы алғашқы білім беру арнасының тұсауын кесті. Бір жыл ішінде арна дамып, сапалы көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Университетіміздің арнадағы бағдарламаларды жасауға үлес қосатынына қуаныштымыз», - деді «Назарбаев Университетінің» ректоры Шигео Катсу.

«Арнаның барлық қызметкерлеріне шығармашылық табыс, отандық оқушылар қауымын қызықтыратын тың идеялар мен жеңістер тілейміз», - деп құттықтады арна ұжымын орыс тілі пәнінен республикалық олимпиада жеңімпазы Айдана Сапуан.

Естеріңізге сала кетейік, «Білім» арнасы сандық форматта хабар таратудың ұлттық бағдарламасы аясында құрылды. Білім беру арнасының басты мақсаты - ағарту, ғылымды насихаттау және дарынды жастарды жоғары оқу орындары мен ғылымның болашағы зор салаларына тарту. Арна 2012 жылдың 5 қыркүйегінде Назарбаев Университетінде өткен Елбасының интерактивті лекциясымен ашылды.