деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
Білім саласының ҮЕҰ-ның қолдауы қажет екендігін атап өткен министрдің пікірінше, қоғамда мұғалім беделінің төмендігі туралы әрқилы пікірлер қалыптасып келе жатыр. Осы сынды пікірлерді біржақты қалыптастыру үшін мемлекет, отбасы және қоғамның күш-жігерін біріктіріп, барлық ауыртпалықты жұмыла көтеру қажет. Мемлекет осы міндетті орындауға кірісіп те кетті. Оқытушылардың жалақысы жоспарлы түрде өсуде, категориялары үшін үстемақылар төленуде, мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін жоспарлы бағдарлама жүзеге асырылуда. Ендігі кезекте ата-ана мен қоғамның ортақ іске жұмылуы қажет. Оған бірден бір дәнекер болатын үкіметтік емес ұйымдар болып табылады.
Кездесу барысында ашық әңгіме алаңы құрылды. Министрлік басшысы күрмеулі сұрақтарға жауап берді. Мысалы, мектептердегі әрқилы алым-салықтарға тоқтап өтіп, осы бағытта бірқатар мәселелердің оң шешім табатынын атап айтты. Ендігі кезекте бұл мәселе тек жергілікті органдардың ғана бақылауында емес, министрліктің аймақтық білім беру қызметі сапасын бақылау департаменттері де жіті қадағалайтын болады.
Министрдің оң бастамасын жылы ықыласпен қабылдаған ұйым өкілдері білім саласындағы өз бастамаларымен бөлісті. Мәселен, мектептегі психолог мамандардың жетіспеушілігі, балалар ұйымдары мен мектеп сайттарын ашу, жастарды ғылымға бағыттау, қайырымдылық және волонтерлік қызметті жетілдіру, инклюзивті білім берудегі ата-аналарға арналған тренингтер ұйымдастыру сияқты бірқатар мәселелер талқыланды.
Министрліктің білім беру, тәрбиелеу, балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ-мен бірігіп, форум өткізу ұсынысы келісім тапты. Сонымен қатар, министрлік басшысы осындай кездесудің нәтижесінде мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда, білімнің сапасын арттыруда бірден бір қолғанат болар ҮЕҰ қоғамдық кеңесі құрылу қажеттігін атап айтты.