деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен нақты тапсырма беремін. Атап айтқанда, Жансейіт Түймебаев пен әкімдер сәрсенбіге дейін әр облыс, әр қала бойынша, яғни бірінші кезекте Астана мен Алматыда біздегі мүмкіндіктермен сатып алынған мемлекеттік нысандарда балабақшаларды жасақтап, жергілікті жерлерде тәрбиешілер дайындауды қарастыру керек», деді Үкімет басшысы.
Осыған байланысты Премьер-Министр балабақша нысандарын толықтыруға байланысты ұсыныстарды әзірлеуге үш күн уақыт берілетіндігін қадап айтты. К. Мәсімов бұл бағытта жеке бизнесті тарту, сондай-ақ жақын арада балабақша нысандарын топтастыру керектігін жеткізді.