Соңғы жылдары елімізде бірнеше ондаған оқулық жарық көргенімен, олардың сапа өлшемдеріне сәйкес келмейтіндігін атап өткен министр «елімізде мыңдаған оқулық жарық көреді. Соңғы жылдардың ішінде ғана біз жүргізген сараптамаға 10 мыңнан астам оқулық түсті. Алайда олардың 30 пайызын ғана пайдалануға ұсындық», деді.
Ж.Түймебаев оқулық жазу қиын екендігіне баса назар аударып, сарапшыларға, ғалымдарға, оқулық авторларына бұл проблемаға зор жауапкершілікпен қарауға әрі аталған тақырыпты талқылауға шақырды. Сондай-ақ ол қазіргі таңда министрлік оқулықтарды бекітудің жаңа ережесін әзірлегендігін атап өтті.