Бұл туралы бүгін аталмыш отырыста көтерілген мәселелерге байланысты журналистермен сұхбаттасқан Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, отырыста сондай-ақ Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт министрліктеріне есірткіден сауықтыру шараларын танымал спортшылар мен қоғам қайраткерлерін пайдалана отырып ұйымдастыру тапсырылған. «Бүгінгі таңда есірткіге құмар азаматтарды әлеуметтік бейімдеу жұмыстары да көңіл бөлуді қажет етіп отыр. Осыған қарай Үкімет бекіткен 2009-2011 жылдарға арналған есірткі және оны таратумен күрес туралы арнайы бағдарламаға есірткі пайдаланудан бас тартқан азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеу жөніндегі шаралар енгізу ұсынылды. Қорыта айтқанда, бүгінде елімізде аталмыш індетпен күреске бағытталған барлық шаралар жолға қойылған және арнайы мемлекеттік бағдарлама да бекітілген. Сондай-ақ мемлекетте осы бағытта ұзақмерзімді стратегия да бар. Бұл ретте құқық қорғау органдары мен мүдделі құрылымдардың және үкіметтік емес ұйымдардың басты міндеттері қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, есірткі мен оны таратуға қарсы тұру болып отыр», деді ресми өкіл.