Білім және ғылым министрлігі «Мектепте білім берудің перспективасы» тақырыбында интернет-конференция өткізеді

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігі қыркүйектің 3-інде Үкіметтің www.e.gov.kz порталында «Мектепте білім берудің перспективасы» деген тақырыпта интернет-конференциясын өткізеді.

Интернет-конференция     сағат 9.00  мен 16.00-ге дейін   сауалдар қабылдауға  ашық   болады.   Сауалдарға Білім және  ғылым министрі  Жансейіт  Түймебаев  жауап береді.