Білім және ғылым министрлігі мен студенттер альянсы «Әр студент туған ауылына» акциясын бастады

None
аусымның 15-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстанның студенттер альянсы бірлесіп, «Әр студент туған ауылына» атты акцияны бастады.

Аталмыш шара аясында бүгін студенттер альянсының өкілдері Астанадағы сапаржайдан ауылға аттанатын студенттердің алғашқы легін шығарып салды.

Қазақстан студенттерінің альянсы көшбасшысының орынбасары Әлібек Мәдибековтың айтуынша, студенттердің алғашқы легі бүгін Степногор қаласына аттанды. Акцияның басты мақсаты - жазғы демалыс уақыттарында I және II курс студенттерін ауылдық аймақтардағы қоғамдық шараларға атсалысуларына және осы арқылы студенттердің жазғы демалыстарындағы уақыттарын тиімді пайдалануларына ықпал ету. «Жоба биыл алғаш рет жүзеге асырыла бастады. Алдағы уақытта біз оның тұрақты түрде ұйымдастырып отырамыз деген ой бар», деді көшбасшының орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш жоба арқылы жастарды туған жерге деген ынта-ықыластарын артырып, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастыруға ықпал етеді.