Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - ҚР Білім және ғылым министрлігінде ресми өкіл лауазымына Білім және халықаралық әріптестікті дамыту стратегиясы департаментінің бастығы Серік Ырсалиев тағайындалды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппарат мәжілісінде таныстырылған С.Ырсалиев, министрлік тарапынан жасалып жатқан барлық істерді қоғамға толыққанды жеткізу және ведомство жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету бағытында қызмет ақаратын болады.

 Мәжілісте ведомство басшысы министрлік пен қоғам арасындағы байланысты одан әрі күшейтуге мүделлі екендігін анық аңғартты.

Бүгіннен бастап Білім және ғылым министрлігінің мәжілістеріне БАҚ өкілдері қатыстырылып, барлық мәселелер ашық талқыланып отыратын болады.

 Ж. Түймебаевтің атап көрсеткеніндей, министрліктің білім саласы қамтылған арнайы сайтында кез келген сұрақтар бойынша әрбір азамат өздерінің толғандырған сауалдарын қоюына мүмкіндіктер жасалған.

 С.Ырсалиев Білім және ғылым министрлігінде 1993 жылдан бері қызмет етіп келеді.