Білім және ғылым министрлігінің ұжымына жаңа вице-министр таныстырылды

АСТАНА. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппарат кеңесінде ведомство басшысы Жансейіт Түймебаев ұжымға жаңа вице-министр Махметқали Сарыбековты таныстырды.

М.Сарыбеков - педагогика  ғылымдарының  докторы, профессор.   Жаңа  қызметке тағайындалғанға дейін   ол   Тараз  мемлекеттік  педагогикалық институтының  ректоры  болған.

Естеріңізге  сала  кетейік,      бұған  дейін  вице-министр болған   Күләш  Шәмшитдитова  «Өркен» акционерлік  қоғамының басқарма төрайымы болды.