Білім және ғылым минстрлігі мен «Самұрық-Қазына» кадрларды бірлесіп даярлау үшін меморандум жасасты

None
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылы министрлі мен «Самұрық-Қазына» қоры арасныда кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Аталған құжат бүгін елордада өткен «Білім мен бизнес - ел игілігі үшін бірлікте» атты респубилкалық конференция барысында рәсімделді.

Меморандумға сәйкес қор  даму институттары мен ұлттық компанияларды кәсіби стандарттар жасау арқылы оларды жүзеге асыру ісіне тартады. Мамандардың кәсіби қызметі мен сертификатын бағалау жүйесін енгізеді.  Сонымен қатар қордың компаниялар тобы жоғары оқу орындарын бітірушілердің кәсіби тәжірибе алу мен жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасайтын болады.

«Біз ірі жұмыс беруші ретінде оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыруды жалғастырып, өнідірістік тәжірибе орындарын ұсынамыз. Оқыту орталықтарын, зертханалар  жасап,  оқу орындарының материалдық-техникалық базасын күшейтуге күш саламыз», - деді қор басқармасы төрағасының орынасары Қуандық Бишімбаев.