оны білім саласын дамытуға айрықша бағыт, ерекше екпін берген құнды құжат болып табылатынына назар аударды. Ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мынадай ойлардың арқауын тарқатты:
- Барша Қазақстан халқы үмiт күтетiн Елбасы Жолдауы жария болды. Биылғы Жолдауда бiлiм саласын ерекше көңiл бөлiнген. Он екi жылдық бiлiм берудiң жүйесi ретiнде елiмiзде республикалық бюджеттен 200 мектеп, жергiлiктi бюджеттен де сонша мектеп салынады. Елбасының нақты айтқан тапсырмаларының бiрi техникалық-кәсiптiк оқу орындары туралы. Бұл оқу орындарын өндiрiспен үйлестiрiп, бизнеске жақындатуымыз керек. Ал жоғары оқу орындарына қойылған талап - саннан сапаға көшу.
Бүгiнгi күннiң мәселелерi ретiнде айтылғаны үстiмiздегi жылдың 1 шiлдесiнен бастап бюджет қызметкерлерiнiң жалақысы мен шәкiртақының 30 пайызға өсетiнi. Елiмiздегi қаржы-экономиканың дамуы, қаржы дағдарысынан шығуы осындай тамаша мүкiндiктер бердi.
Елбасының биылғы жаңа "Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!" атты Жолдауын тыңдап, үлкен жауапкершiлiктi сезiндiк. Ең бастысы 2011-2020 жылдарға арналған бiлiмдi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы қабылданып, бiлiм саласының алтын дiңгегi болып саналатын мұғалiм мәртебесiн көтерудiң тетiгi көрiнiс тапты.