Тікелей желіде қазақстандықтардың сауалдарына жауап берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде сөйлеген сөзімде мен біздің интеллектуалды қоғам құрудың алдында тұрғанымыз, Қазақстанның интеллектуалды элитасын дайындау жайлы айттым. Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайылдалу қажет», деді өз сөзінде Н. Назарбаев.
Бұл ретте Елбасы өзінің тапсырмасымен бүгінде «20 интеллектуалды мектеп» құрылып жатқанын, оларға талантты, олимпиадаларда жеңімпаз атанған балалар алынатынын атап өтті. «Адамдардың барлығы талантты емес, бұған ешкім ренжімес, ол мектептерге балалар конкурстар арқылы қабылданады», деді Президент. Елбасының айтуынша, Астанада, Семейде және Көкшетауда осындай үш мектеп салынды. Таяу уақытта мұндай мектептер басқа да өңірлерде ашылатын болады.
«Осыған байланысты біз талантты балалар оқу бітіргеннен кейін білім алатын Астанада айрықша жаңа халықаралық универстет салудамыз», деді Н. Назарбаев. Елбасының айтуынша, университеттің әрбір факультеті Батыстың ірі университетерінің басқаруында болады. Бұл университетте оқып, бітіргендер екі диплом - Қазақстан университитетінің және Батыс университетінің дипломдарын алады.