Білімді ұлықтаудың кең қанат жаюына бағытталған жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету қажет - М. Құл-Мұхаммед

амырдың 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Білімді ұлықтаудың кең қанат жаюына бағытталған жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету қажет.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Қазақстанның ел бірлігі» доктринасы жайында баяндама жасаған Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің сөзіне қарағанда, елдің интеллектуалдық әлеуетін әрі қарай дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін ескере отырып, үстіміздегі жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың стратегиялық жоспарлары аясында оны қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін қарастыру қажет. «Сондай-ақ жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Үкіметке енгізу керек. Жастар мен жастар ұйымдарына арналған ресурстық орталықтар арқылы білімді ұлықтаудың кең қанат жаюына бағытталған жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету қажет», деп атап өтті М. Құл-Мұхаммед.

Осы орайда министр отандық ғылым, білім, мәдениет, спорт өкілдері қол жеткізген жетістіктерді кеңінен насихаттау керектігін атап өтті. «2010 жылға арналған «Қазақстанның ел бірлігі» доктринасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізгі бағдары осындай», деді М. Құл-Мұхаммед.