61 жастағы миллиардер 6 маусымда өз компаниясының 4,6 млрд доллар сомасындағы акцияларын қайырымдылыққа берді. Ақшаны қандай ұйым алғандығы хабарланбайды. Bloomberg мәліметінше, филантроп Билл және Мелинда Гейтс қорына (Bill & Melinda Gates Foundation) анағұрлым жомарт демеушілік жасап келеді.
Гейтс 16 млрд доллар көлеміндегі айтқысыз қайырымдылық қаражатын 1999 жылы бөлген болатын. Тағы бір жылдан кейін 5,1 млрд доллар бөлді.
Билл Гейтс әлемнің ең жомарт филантроптарының тізімінде көш бастап тұр.