Қаражаттар жобаларды қаржыландыруға, құрғақшылыққа төзімді дәнді дақылдардың жаңа түрлерін шығаруға, малды егетін вакцинаға, сондай-ақ жаңа жабдықтарды қолдану бойынша фермерлер үшін тренингтерге жұмсалмақ.
«Халықаралық фермер шаруашылықтары қоғамдастығы тағам өнімдері өндірісін жыл сайын ұлғайту үшін инновацияларға мұқтаж. Біздің мақсатымыз - кедейлік шегінде тұрған жүздеген миллион адамдарға көмектесу», - деді Билл Гейтс Римде өткен ауыл шаруашылығы конференциясында.