Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген Билл Гейтс әлемдегі ең бай адамдардың көшін бастап тұр. Forbes журналының 2015 жылғы мәліметі бойынша оның бар дүние-мүлкі $79,2 млрд-қа бағаланған. Сонымен Билл Гейтс табысты болу үшін төмендегідей бірқатар кеңестерді тізіп берді, деп жазады «Хабар» арнасы.
-Мен жұмысқа жалқау адамдарды аламын. Себебі олар кез келген қиын мәселені шешудің оңай жолын тез-ақ табады.
-Өз жұмысыңыздан ләззат алыңыз. Сол кезде ғана сіз өмір бойы жұмыс істемегендей сезімді бастан өткересіз.
-Барлық арман орындалмайды. Мысалы мен аспаз болуды мақсат тұтқанмын. Бірақ олай болмады.
-Сіздің аты-жөніңіз ғаламторда жоқ болса, демек сіз бизнестен тым алшақсыз.
-Сондай-ақ 500 жыл өмір сүретіндей бейқам болмаңыз.
-Жаңа іс бастау ешқашан да кеш емес.
-Егер басыңызға жақсы идея топ ете қалса, оны дереу іске асыруға талпыныңыз.
-Кез келген жобада өз мақсатыңды нақты түсінбеу, табысты болуға кедергі келтіреді.