Ол американдық Forbes басылымы құрған рейтингте көш бастап отыр. Мамандар оның дәулетін 76 млрд. АҚШ долларына бағалады.
Тізімде одан кейін Berkshire Hathaway бас директоры Уоррен Баффет тұр, оның дәулеті 62 млрд. долларға бағаланған. АҚШ-тың ең бай адамдарының тізімінде үшінші болып Oracle компаниясының негізін қалаушы және президенті Ларри Эллисон тұр. Басылымның пікірінше, оның дәулеті 47,5 млрд. долларды құрайды.